Зариф: АҚШ-тың Иранға қарсы айыптары негізсіз
Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі: «АҚШ аймақтағы әскери қылмыстарын жасыру үшін бір кесек қаңылтырды көрсетіп, Иран Ислам Республикасына негізсіз айып тағуда» деді.
БҰҰ-ғы АҚШ-ның өкілі бейсенбі күні темір қаңылтырларды көрсетіп, оны «ирандық зымыранның қаңқасы» деген уәж айтып, Иранға айып тақты.
Никки Хейли Вашингтонның Йеменнің мазлұм халқын бомбалау үшін Сауд Арабиясына қару-жарақпен аянбай қолдау көрсететіндігіне тоқталмастан, Иранды эр-Риядқа зымырандық шабуыл жасау үшін Йеменнің Ансаролла қозғалысын қарумен жабдықтайды деген айып тағып отыр. БҰҰ Бас хатшысы кеңсесінің өкілі Фархан Хақ Хейлидің уәждерін теріске шығарды.
Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Никки Хейлидің уәждерінің негізсіздігін қуаттап: «Йемен халқының қанын төгіп жатқан бомбалар мен қырғи ұшақтардың барлығы Америка Құрама Штатына тиесілі» - деді.
Иран Сыртқы істер министрі сонымен бірге сионистік режимнің астанасы ретінде Құдсты ресми таныған АҚШ президенті Дональд Трамптың әрекетіне тоқталып: «Трамптың бұл ісі АҚШ-тың Палестина халқының құқығын қолдау саласында айтқан барлық сөзіне қайшы» - деп баса айтты.