Нахчиван Автономиялық республикасы мәжілісінің төрағасы Иран Сыртқы істер министрімен кездесті
Иран Сыртқы істер министрі Иранның Әзірбайжан республикасының әртүрлі аймақтарымен қарым-қатынасын кеңейтуді қолдайтынын мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Нахчиван Автономиялық республикасы мәжілісінің төрағасы Васиф Талыбовпен Теһрандағы кездесуінде: "Иран мен Әзірбайжан халқы екі елді өз үйі санап, бір-бірін бөтен сезінбейді. Иран темір жол, жол салу, инфрақұрылымдар, ауылшаруашылық салалары мен кедендік істерді жеңілдету мен электр қуатын өндіру салалары бойынша екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейте алады",- деді.
Нахчиван Автономиялық республикасы мәжілісінің төрағасы Иран мен Әзірбайжан, әсіресе Нахчиван Автономиялық республикасы арасындағы қарым-қатынастардың артуына ризалық білдірді.
Нахчиван – 1924 жылдың ақпан айында Автономиялық республика ретінде құрылған Әзірбайжанның бір бөлігі.