Иран Кабулдағы лаңкестік шабуылды айыптады
https://itolqyn.com/news/iran-i33391
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы жанкешті лаңкестердің Ауғанстанның Кабул қаласындағы бір мәдени орталық пен AVA ақпарат агенттігі кеңсесіне жасаған лаңкестік шабуылын айыптады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 28, 2017 21:32 Asia/Almaty
  • Иран Кабулдағы лаңкестік шабуылды айыптады

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы жанкешті лаңкестердің Ауғанстанның Кабул қаласындағы бір мәдени орталық пен AVA ақпарат агенттігі кеңсесіне жасаған лаңкестік шабуылын айыптады.

Бахрам Ғасеми Ауғанстанның Кабул қаласындағы Tebyan мәдени орталығы мен AVA ақпарат агенттігінің кеңсесіне лаңкестік шабуылдың жасалуына байланысты Ауғанстан халқы мен үкіметіне және лаңкестік шабуыл құрбандарының отбасыларына көңіл айтыа: "Мәдени және ақпарат тарату орталықтары мен әсірешілдік пен зорлық-зомбылық идеялардың болмысын ашып, әшкерелейтін ойшылдарға қарсы жасалған шабуыл лаңкестердің Ауғанстан халқының сөз бостандығына, хабардарлығына, ойлау еркіндігі мен халықтың бірлігіне деген жеккөрушілік пен өшпенділігін  көрсетіп отыр",- деді.

Бейсенбі күні Кабул қаласының батысындағы Tebyan ғылыми-зерттеу институты мен AVA ақпарат агенттігіне үсті-үстіне жалғасқан үш жарылыс салдарынан 30-ға жуық адам қаза тауып, 40 адам жарақат алды.