«Ортақ қадам» бағдарламасына Теһранның беріктігінің қуатталуы Иранға қарсы айыптардың негізсіздігін көрсетеді
Иран Ислам Кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының баспасөз хатшысы: «Атом қуаты халықаралық агенттігінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына Иранның беріктігін тағы қуаттауы Теһранға қарсы айыптардың негізсіз болғанын көрсетеді» деді.
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі өткен сенбі күні ұйымның 2017 жылғы жетістіктері және маңызды іс-шаралары туралы жыл сайынғы есебінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына сәйкес Иранның ядролық міндеттерін жүзеге асырғанын қуаттады.
«IRNA» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Ислам Кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының баспасөз хатшысы Сейед Хосейн Нағавихосейни: «Иран Ислам Республикасының қарсыластары соңғы жылдары Теһранды әлемдік қауымдастықтың алдында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттері жүзеге асырылмағаны және бақылаудың болмағаны туралы теріс жарнамаларын жүзеге асырды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жүзеге асырмай, оны тоқтату үшін америкалықтар бірнеше рет әлемдік қауымдастықты Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды емес деп сендіруге талпынды. Алайда, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі бірнеше рет ресми мәлімдеме жариялап, Ираның аталмыш бағдарлама міндеттеріне берік екендігін растады» деп баса айтты.