Трамп АҚШ-ның маңызды мәселелерімен айналысқаны жөн
https://itolqyn.com/news/iran-i33667
Иран Сот билігінің адам құқығы штабы: «АҚШ өзі мен аймақтағы одақтастарының саясаттарының жеңіліске ұшырағанын жасырып, Иран халқынан кек алу үшін Ирандағы бейберекеттіктер пен тәртіп бұзушылық жайттарын қолдады» деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 07, 2018 08:30 Asia/Almaty
  • Трамп АҚШ-ның маңызды мәселелерімен айналысқаны жөн

Иран Сот билігінің адам құқығы штабы: «АҚШ өзі мен аймақтағы одақтастарының саясаттарының жеңіліске ұшырағанын жасырып, Иран халқынан кек алу үшін Ирандағы бейберекеттіктер пен тәртіп бұзушылық жайттарын қолдады» деді.

Иран Сот билігінің адам құқығы штабы сенбі күні мәлімдеме жариялап: «АҚШ, Ұлыбритания, сионистік режим, Сауд Арабиясы, ДАИШ және «Монафеқин» лаңкестік тобы мен халықаралық адам құқығы механизмдері Иранда болған бейберекеттіктерді жақтады. АҚШ-ның Иранның ішкі істеріне араласушылығының артуы Американың өзі адам құқығын бұзушы елдердің тізімінің басында орналасқан жағдайда орын алып жатыр. АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ жарлығы мен халықаралық заңдарды ашық түрде бұзатын істерге, яғни өзге елдердің ішкі істеріне араласудың орнына өз мемлекетінің қиындықтарына назар аударғаны жөн» деп қуаттады.

Иран Сот билігінің адам құқығы штабы сонымен бірге Ирандағы бүлікшілерді қолдаған Адам құқығы кеңесінің жоғары комиссары мен БҰҰ-ның адам құқығы баяндамашыларының ұстанымдарына өкініш білдіріп: «Халықаралық адам құқығы механизмдері адам құқығын қорғаушылар ретінде лаңкестік топтарға, қаскүнемдер мен қылмыскерлерге қолдау көрсетуімен осындай адамдар мен топтар үшін қауіпсіз мекенге айналды» деп мәлімдеді.