Трамптың Иранға қарсы талпыныстарының нәтижесі оны дәрменсіздік пен оқшаулыққа жеткізді
https://itolqyn.com/news/iran-i33669
Иран Ислам Республикасының президент аппаратының төрағасы Махмуд Ваези Ирандағы оқиғаларды қарастыру тақырыбына арналған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына тоқталып:
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 07, 2018 08:43 Asia/Almaty
  • Трамптың Иранға қарсы талпыныстарының нәтижесі оны дәрменсіздік пен оқшаулыққа жеткізді

Иран Ислам Республикасының президент аппаратының төрағасы Махмуд Ваези Ирандағы оқиғаларды қарастыру тақырыбына арналған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына тоқталып:

«АҚШ үкіметінің Иранға және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы талпыныстарының нәтижесі оның өзі мен елін дәрменсіздік пен оқшаулыққа жеткізгенін тағы  дәлелдеді» деді.

Махмуд Ваези сенбі күні «IRNA» агенттігіне берген сұхбатта БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын Иран халқы үшін кезекті жеңіс, АҚШ үкіметі үшін ауыр жеңіліс деп атап: «Бұл жеңіс – Иран халқы мен үкіметінің табандылығы, Иран ислам революциясы жетекшісінің көреген басшылығы мен дипломатия аппаратының ақылды іс-шарасының нәтижесі. АҚШ үкіметі Иранның принципті ұстанымдары алдында әлемде бұрынғыдан бетер оқшау қалды.

Жуырдағы ереуілдерді сылтауратып, Иранға қысым көрсетуді көздеген АҚШ-тың Қауіпсіздік кеңесін теріс пайдалану мақсатына кеңеске мүше елдердің көпшілігінің қатаң қарсылығы халықаралық байланыстардағы ойландырарлық және үміт сыйлайтын жаңа тарау саналады» деді.