Резаи: Әрбір лаңкестік шабуылға бір саудиялықтың қатысы бар
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы: «Әлемнің жер-жерінде орын алған әрбір лаңкестік шабуылға бір саудиялықтың қатысы бар»,-деді.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы Мохсен Резаи Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында Иранға қарсы жазған сөздеріне реакция білдіріп: «Бір лаңкестік шабуыл немесе жарылыс болған кез-келген жерде әрдайым бір саудиялық азаматтың қатысы болады. Сол шабуылдарда бірде-бір ирандықтың аты аталмайды»,-деп баса айтты.
Бұдан бұрын Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адель аль-Джубайр АҚШ-тың «New York Times» газетінде жарияланған бір мақалада Сауд Арабиясының лаңкестерге қолдау көрсетуші елдердің тізімінде жоқ екенін, ал Иранның осы тізімде тұрғанын айтқан болатын.