Иран СІМ АҚШ үкіметінің "Ортақ қадам" келісімін ұзарту туралы шешіміне қатысты мәлімдеме жариялады
Иран СІМ ресми түрде мәлімдеме жариялап: "АҚШ президенті ядролық келісімнің күшін жоюға бағытталған өзінің бір жылдық талпыныстарына қарамастан "Ортақ қадам" бағдарламасындағы кейбір міндетті жайттарды созуға мәжбүр болды» деді.
ИРИ СІМ жұма күні ресми мәлімдеме жариялап: ""Ортақ қадам" бағдарламасының ішкі беріктігі мен бұл келісімге халықаралық деңгейдегі көрсетілген қолдау АҚШ президенті, сионистік режим мен соғысқұмар әсірешілдердің зұлым одағының бұл келісімді жоюға немесе оған өзгерістер енгізуге бағытталған талпыныстарының жолын бөгеді.
АҚШ президенті өзінің өткен бір жыл ішінде жүргізген үдерісі негізінде Иран халқына қарсы дұшпандық әрекеттерін жалғастырып, жүзеге асыруда бірнеше рет сәтсіздікке ұшыраған қоқан-лоққысын қайталап келеді", -деді.
Иран СІМ АҚШ-тың қоқан-лоққылары мен санкция салынған тізімге жаңа адамдарды енгізуін айыптап: "Ислам республикасы "Ортақ қадам" келісімінің басқа мүшелері және әлемдік қауымдастықпен бірге "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының халықаралық деңгейдегі құжат екенін және оның қайта талқылауға келмейтінін бірнеше рет растады.
ИИР "Ортақ қадам" келісіміндегі өз міндеттемелерінен тыс ешқандай әрекет жасамайды. Иран бұл келісімге бірде-бір өзгеріс енгізуді қазір де келешекте де қабылдамайды және "Ортақ қадам" бағдарламасын басқа кез келген мәселемен байланыстыруға рұқсат бермейді", - деп мәлімдеді.