Арақчи: Иран АҚШ-ты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мәселесінде оқшауландырды
ИИР Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары: «Өткен бір жылдағы дипломатиялық күрес барысында Иран еуропалық одақтастарды АҚШ-тан бөліп алып, бұл елді «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мәселесі бойынша толығымен оқшауландырды»,-деді.
Аббас Арақчи сенбі күні кешке Иранның Бірінші арнасының «Бір көзқарас» бағдарламасына берген сұхбатында АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына қатысты саясаты туралы: «Бір жылдан астам уақыт бойы АҚШ Президенті Дональд Трамп «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын жоюға немесе оны түзетіп, өзгерістер енгізуге талпыныс жасағанымен сәттілікке қол жеткізбеді.
Трамп билікке қол жеткізгеннен кейін «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын жыртып тастайтынын айтып, осы жолда еуропалық одақтастарымен бірге Иранды аталмыш бағдарлама жөнінде қайта келіссөздер жүргізуге көндіруге талпыныс жасады, алайда жеңіліс тапты»,-деді.
Аббас Арақчи халықаралық қауымдастықтың «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын қолдап, АҚШ-қа кесімді түрде қарсылық білдіргеніне тоқталып: «Өткен бір жыл ішінде Трамп әртүрлі салаларда шектеліп, оқшау қалды. Бұл – Иран дипломатиясы сәттілігінің белгісі»,-деп қуаттады.