Ислам революциясының жетекшісі: АҚШ-тың Құдсқа қатысты көп қателіктері нәтижеге жетпейді
(last modified Wed, 17 Jan 2018 10:42:15 GMT )
Қаң 17, 2018 16:42 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: АҚШ-тың Құдсқа қатысты көп қателіктері нәтижеге жетпейді

Иран Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың Құдсқа қатысты соңғы әрекеттерін іүлкен қателік" деп атап: "Олардың мұндай істі атқаруға шамалары келмейді. Олардың талпыныстары нәтижеге жетпейді",- деді.

Діни жетекшінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аятолла Хаменеи сейсенбі күні Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің 13-ші парламентаралық басқосуына жиналған қонақтармен кездесуінде Палестина мәселесін ислам әлемінің басты мәселесі деп атап: "Палестина мәселесінде "жерлерді басып алу", "миллиондаған халықты қудалау" және "жаппай қырып-жою мен адамзат тарихындағы үлкен қылмысы" сынды үш оқиға орын алды. Бұл –тарихта кездеспеген зұлымдық",- деп қуаттады.

Аятолла Хаменеи Палестинаны қорғауды баршаның міндеті деп атап: "Сионистік режимге қарсы күрес пайдасыз деп ойламау керек. Өйткені, бұрынғы жылдармен салыстырғанда  қарсыласу шебі алға ілгерілегендей, Алланың көмегімен сионистік режимге қарсы күрес те нәтижеге жетеді",- деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі "сионистер бір кезде "Нилден Евфратқа дейін" деп ұрандатты. Бірақ, бүгін өздерін қорғау үшін дуал салуға кірісті. Палестина – үлкен жер. Оның тарихы терең. Құдс – оның астанасы. Бұл шындыққа сызат түсіру мүмкін емес",- деді. Аятолла Хаменеи АҚШ-тың "адам құқығын" қорғауы туралы уәждеріне сілтеме жасап: "Қазір АҚШ-ты басқарып отырған адам бұл елдің ұстанымын өте жылдам әрі анық жариялап отыр. Негізінде бұрынғы басшыларының да ұстанымдары дәл осы болғанымен, олар анық айтпайтын. Бұл ұстанымның айқын үлгілері – Африка, Латын Америкасы және басқа ұлттарға қатысты жуырда айтқан сөздері. Бұл адам құқығына қарсы әрекет. Сондықтан, оның өтірік уәждерін әшкерелеген жөн",- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи АҚШ үкіметінің шындыққа сай келмейтін келесі уәжі ретінде лаңкестікпен күрес туралы мәселені атап: "Бұл уәждердің өтірік екенін әшкерелеп, шындықты жеткізіп, халық пен көрнекті тұлғалардың қоғамдық пікіріне әсер ету қажет",- деді.