Шамхани: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы қайтадан келіссөз жүргізілмейді
https://itolqyn.com/news/iran-i34181
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын толық, бөлуге келмейтін құжат деп атап, ол туралы ешбір жағдайда қайтадан келіссөз жүргізу мүмкін еместігін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 24, 2018 15:25 Asia/Almaty
  • Шамхани:

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын толық, бөлуге келмейтін құжат деп атап, ол туралы ешбір жағдайда қайтадан келіссөз жүргізу мүмкін еместігін қуаттады.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани al-Alam арнасына берген сұхбатта АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын дағдарысқа тірейтін соңғы әрекеттері туралы: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы – ИИР-ның «алтылық» елдерімен келісімге келу үшін көрсеткен минималды талаптарын қамтитын келісім.

Иранның өз міндеттеріне толығымен табанды болуына қарамастан, осы уақытқа дейін АҚШ пен Еуропаның міндеттемелері бойынша іске асырылатын экономикалық саладағы жұмыстардың кейбір бөлімдері орындалған жоқ. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын  қайтадан қарастыру  деген АҚШ Президентінің бос сөзінен шыққан мәселе. ИИР басшыларының ортақ ұстанымы бойынша, Теһран өзінің зымырандық мәселесі мен қорғаныс күш-қуаты туралы ешбір мемлекетпен келіссөз жүргізбейді",- деп баса айтты.