Зариф: Трамп Иран мен аймаққа қатысты хабарсыздығын тағы дәлелдеді
Иран СІМ Твиттердегі парақшасында: «Америка президенті Иран мен аймаққа қатысты хабарсыздығын тағы дәлелдеді» деп жазды.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф бүгін, сәрсенбі күні Америка президенті Дональд Трамптың сөзіне реакция білдіріп: «Оның ұстанымының қандай екенін барша біледі. Шәксіз, ол ирандықтарға жақтаспайды. Бәлкім, өзі айтқандай, «демократиялық тәсілдермен сайланған адамдар» қуанар, алайда олардың басып-жаныштауы мен қару-жарақтарының негізгі нысанасына алынғандар, соның ішінде йемендік балалар қуана қоймас» деп жазды.
Зариф өткен күндері де Американың Иранға қарсы жалған құжат жасау әрекетіне өкініш білдіріп, Твиттердегі парақшасында: «Жалған ақпарат жасау кеңсесінде Трамп пен серіктері соғысып жатқан бір көршілес ел тарапынан даярланған жалған деректер ұсыну арқылы Қауіпсіздік Кеңесінде Ираннан қорқыту кеңістігін қалыптастыруға талпыныс жасағанымен, бұл әрекеті дәрменсіз көршілес еліміз бен солардың қылмыстарына ортақ одақтастарын ғана қанағаттандырады» деп жазған болатын.