Америкалықтардың "Ортақ қадам" келісімінен шығатын жағдайына байланысты Иранның арнайы жобасы бар
Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің баспасөз хатшысы америкалықтардың "Ортақ қадам" келісімінен шығатын жағдайына байланысты Иранның арнайы жобаға ие екенін айтты.
Нақави Хосейни АҚШ президентінің "Ортақ қадамға" қатысты айтқан сөздеріне реакциясында "Ортақ қадам" келісімін барлық елдер оған берік болып, оны міндетті түрде жүзеге асыруы тиіс халықаралық келісім деп атады.
АҚШ президенті қаңтардың отызы, сейсенбі күні жаңа жылдағы Конгресте сөйлеген өзінің алғашқы сөзінде Иранмен жасаған ядролық келісімді өз елі үшін тағы да апатты деп атап, Конгрестен келісімдегі қателіктерді қарастыруды сұрады.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің баспасөз хатшысы АҚШ Конгресінің "Ортақ қадам" бағдарламасына араласа алмайтынын баяндап: "Егер АҚШ өзі келіскен халықаралық келісімдерге берік болмаса, халықаралық қауымдастықтың алдында жауап беруі тиіс.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ислам революциясының жеңісіне дейінгі қателіктерді қайталамайтынын білгені жөн",- деп баса айтты.