Шамхани: Трамптың Иранға санкцияларды қайтару туралы уәждері бос
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Америка президенті Дональд Трамптың Иранға санкцияларды қайтару туралы сөздеріне сілтеме жасап: «Теһран Вашингтонға мұндай әрекетке баруға рұқсат бермейді. Трамптың сөздері бос» деді.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Али Шамхани бүгін дүйсенбі күні IRNA-ға берген сұхбатта «Трамп Иранды қазіргі жағдайдан кейінге шегіндіруге талпыныс жасауда. Кедергілерге қарамастан Иран өзінің ұстанымынан қайтпайды. ИИР-ның қазіргі жағдайы күйгелектікпен бұрынғы жағдайға қайтып оралатындай емес» деді.
Шамхани сонымен қатар Америка президентінің Иран халқын лаңкес деп атап, Иран Ислам Республикасын айыптаған жуырдағы сөздеріне сілтеме жасап:
«Иран қазіргі таңда аймақта ерекше орынға ие. Бұл жақсы жағдай өздігінен қалыптасқан жоқ. Бұл – дұшпанның соғыс, санкция сияқты кедергілерін шешу жолында Иранның іс жүзінде жасаған талпыныстарының нәтижесі» деді.