АҚШ-та Омар Хайямның ескерткіші ашылды
АҚШ-тың Оклахома университетінде Иран мәдениеті мен өнерін сүюшілердің қатысуымен ұстаз Хосейн Фахими тұрғызған хакім, ақын әрі философ ирандық Омар Хайям Нишапуридің ескерткішінің ашылу рәсімі өтті.
Иран мәдениеті халықаралық қоғамының директоры әрі Нью-Йорктің Ислам орталығының құрылтайшылар кеңесінің төрағасы Мехди Фаридзаде Оклахома университетінде Омар Хайям Нишапури ескерткішінің ашылу рәсімінде: «Бөгде елдердің жарнамалық органдарының мақсаты болып табылатын Ираннан үркіту саясатына қарсы Омар Хайямның мүсінін АҚШ халқына сыйлау исламдық Иранның бай мәдениеті мен әдебиетінің бір бөлігін көрсетуге жасалған талпыныс болып табылады»,-деді.
Оклахома университетінің ректоры Дэвид Борн да Омар Хайям мүсінінің АҚШ халқына сыйға тартылуына ризалық білдіріп, исламдық Иранның өркениеті мен мәдениетінің әлемнің барлық халықтарына шабыт сыйлайтынын айтып, АҚШ студенттерінің Иранның мәдениетін танып, парсы тілін үйренуге талпынатындығына үміт білдірді.
Оклахома университетінің ұстаздары мен студенттері де ИИР-на АҚШ-қа Иранның ұлы ақынының ескерткішін сыйға тартқаны үшін алғыс айтты.