Ислам революциясы жетекшісінің мадақшылардың алдында сөйлеген сөздері
(last modified Thu, 31 Mar 2016 10:57:23 GMT )
Нау 31, 2016 16:57 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің мадақшылардың алдында сөйлеген сөздері

Ислам революциясының жетекшісі: «Саяси-экономикалық, мәдени және әскери зорлық-зомбылыққа сүйенген үстемшіл жүйе Иран халқына соққы беруде аянып қалмайды. Бұл шындықты назардан тыс қалдырмау керек»,-деп қуаттады.

Хазірет аятолла Хаменеи хазірет Фатима Захраның (с.ғ.) туған күні мадақшылардың бір тобымен кездесуінде әскери күш-қуатты үстемшілдердің Иран халқына әлімжеттік жасауда ең көп сүйенетін тірегі деп атап: «Қазіргі бейберекеттік жайлаған әлемде, егер ИИР тек қана келіссөздер, экономикалық алыс-беріс, тіпті ғылым мен технологияны ғана көздеп, қорғаныстық қабілетке ие болмаса, тіпті бір кішкентай мемлекет те Иран халқына қоқан-лоққы жасамай ма?»-деп сауал тастады.

Ислам революциясының жетекшісі ертеңгі күн мен әлемді зымырандар заманы емес, келіссөздер әлемі деп санайтын адамдарды қатаң сынап: «Егер бұл сөздер саналы түрде айтылған болса, ертеңгі күнді зымырандар әлемі емес, келіссөздер заманы деп атау – қиянат» деді. Ол революция дұшпандарының Иранмен жауласу үшін ескі де дамыған құралдардың барлығын пайдаланып жатқанына тоқталып: «Олар диалог, экономикалық алыс-беріс, санкциялар, әскери қоқан-лоққылар және басқа кез-келген құралды өздерінің мақсаттарын ілгерілету жолында пайдаланады. Біз осы салалардың барлығында оларға қарсы тұрып, қорғаныстық қабілетке ие болуымыз керек»,-деп қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының дамыған әрі нақыт зымырандарын көрсетуінің АҚШ-пен сионистік режимге наразы, бірақ шарасыз халықтардың қуануына себеп болғандығын айтты. Ислам революциясының жетекшісі дипломатиялық құрал мен саяси келіссөздерді кейбір ерекше жағдайлар болмаса қолдайтынын тағы да қуаттап: «Бізді диалогқа қарсы деп жарнамалап жібермесін. Біз алданып қалмас үшін мықты әрі қырағы түрде келіссөздер жүргізу қажеттігін айтамыз»,-деп баса айтты.

Тегтер