Велаяти: Иран өзінің зымырандық әлеуетіне қатысты ешкімнің рұқсатын қажет етпейді
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: "ИИР өзінің зымырандық әлеуетіне қатысты ешбір елдің рұқсатын қажет етпейді. Өзінің қорғаныстық қажеттіліктеріне байланысты зымырандық әлеуетін дамытуды жалғастырады",- деді.
Али Акбар Велаяти жексенбі күні Теһранда Жак Хогард бастаған франциялық делегациямен кездесуінде: "Иран Франция президенті Эммануэль Макронды АҚШ президенті Дональд Трамптың ұсынысымен Германия және Ұлыбританиямен бірге "Ортақ қадам" бағдарламасына өзгеріс енгізу туралы отырыс өткізбей, керісінше "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты қатаңырақ позиция ұстанады деп күтті",- деді.
Велаяти "Ортақ қадам" бағдарламасына ешқандай өзгеріс енгізілмейтінін баса айтып: "Макронның Теһранға сапары барысында зымырандық бағдарлама жайлы мәселелер көтерілетін болса, ол Иран Ислам Республикасының теріс жауабына тап болады",- деді.
Франциялық делегацияның мүшелері Францияның бұрынғы президенті Франсуа Оландтың Батыс Азия аймағына, әсіресе Сирия мен Ливанға қатысты ұстанған саясаттарын сынап: "Иран мен Ресей Сирияда қауіпсіздік пен тұрақтылық орнату үшін талпыныс жасамағанда, бүгінде ДАИШ бүкіл әлем үшін қауіп төндіретін еді"- деп қуаттады.