Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет Фатиманы аза тұту рәсімінің алғашқы түні өтті
(last modified Sun, 18 Feb 2018 10:59:32 GMT )
Ақп 18, 2018 16:59 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет Фатиманы аза тұту рәсімінің алғашқы түні өтті

Сенбі күні кешке имам Хомейни атындағы хосейниеде Ислам революциясының жетекшісі, Иран басшыларының бірқатары және Ахл-е бейтті сүйетін халықтың бір тобының қатысуымен хазірет Фатиманы аза тұту рәсімінің алғашқы түні өтті.

Казем Седдиқи осы рәсімде хазірет Фатима Захраның қасиеттеріне тоқталып, ең жоғары илаһи сынақты исламдық басқару сынағы деп атап: «Құдайдың шынайы пендесі болған хазірет Захра (с.) исламдық басқарудың шарықтау шегінде болды. Ол өзінің құтпалары мен жолнұсқаушы көз жасы арқылы жікке бөлінушіліктің сұрқия келбетін әшкереледі»,-деді.

Бұл рәсімде, сондай-ақ, жоқтаушылар хазірет Фатима Захраның (с.) көрген қиындықтарын баяндап, жоқтау айтты.

Сейсенбі күні, х.қ.ж.с.б. 1439 жылдың джамади ас-сани айының 3 жұлдызы – Ислам пайғамбары хазірет Мұхаммад Мұстафаның (с.ғ.с.) қадірменді қызы әрі әлем шиіттерінің бірінші имамы, мүміндердің әмірі Әли бен Абиталебтің ардақты жұбайы хазірет Фатима Захраның (с.) шәһид болған күні.

Хазірет Фатима Захра (с.) бір рауаят бойынша х.қ.ж.с.б. 11 жылдың  джамади ас-сани айының 13 жұлдызы, басқа  рауаят бойынша 3 жұлдызы шәһид болды.