Иран мен Швеция аймақтағы дағдарыстарды шешуге көмектесуді қуаттады
Иран ислам республикасы мен Швеция Сыртқы істер министрлері екі елдің аймақтағы дағдарыстарды шешуге көмектесу үшін әзірлігін мәлімдеді.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран мен Швеция Сыртқы істер министрлері Мұхаммад Джавад Зариф пен Маргот Вальстрём бейсенбі күні Лондонда Сирия халқына көмек көрсету жөніндегі халықаралық конференция аясында кездесіп, аймақтағы, әсіресе Сириядағы өзгерістер туралы ой бөлісті.
Иран мен Швеция Сыртқы істер министрлері осы кездесуде халықаралық дағдарыстарды шешу үшін Сирия, Ирак және Йемен сияқты елдерде тезірек тұрақтылық орнату үшін барша көмек көрсетуі керектігін баса айтты.
Зариф және Вальстрём сондай- ақ Иран ислам республикасы мен Швецияның саяси, экономикалық және мәдени негіздерде екі ел арасындағы қос жақты байланысты кеңейтуге үшін мүдделік танытып отырғанын қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні кешке Сирия халқына көмек көрсету жөніндегі халықаралық саммитке қатысу үшін Ұлыбритания астанасы Лондонға келді.