Ислам революциясының жетекшісі: жатжұрттықтарға арқау сүйеу қауіпті
(last modified Mon, 19 Feb 2018 05:20:08 GMT )
Ақп 19, 2018 11:20 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: жатжұрттықтарға арқау сүйеу қауіпті

Иран Ислам революциясының жетекшісі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен ядролық мәселеге қатысты келіссөздерде шетелдіктерге сүйенгеннен елдің пайда көрмегеніне тоқталып: «Біз «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында шетелдіктерге сүйенудің салдарын тарттық, ядролық келіссөздерде де оларға сенім артқанымызбен, пайда көрген жоқпыз»,- деді.

Аятолла Хаменеи жексенбі күні Иранның солтүстік-батысындағы Табриз қаласының революцияшыл әрі діндар халқының мыңдаған өкілінің алдында жасаған баяндамасында: «Құдайға шүкір, басшылар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қажет ұстаным білдіруде. Америкалықтардың ашу-ызасы мен еуропалықтардың екіжүзділігіне тиісті әрі қатаң жауап беретін елдің Сыртқы Істер Министріне алғыс айту қажет. Ол осы ұстанымын жалғастыруы керек.  Шетелдермен байланыста болу керек, бірақ оларға сенуге және сүйенуге болмайды. Өйткені, олар әртүрлі жолдар арқылы елдің тағдырына әсер етуді қалайды. Сондықтан, басшылар осы өте маңызды мәселеге ерекше назар аударуға міндетті»,- деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі сонымен бірге адамзатты өздерінің соғысқұмарлығымен алаңдататын, бірақ Иранның зымырандық күшіне қарсылық білдіретін дұшпандарды қатты сынап: «Бұл мәселенің сіздерге қандай қатысы бар? Сіздер Иран халқын зымыран және басқа да қорғаныстық әлеуеттерден айырып, біздің халыққа зорлық-зомбылық көрсетпексіңдер. Негізінде, біз атом бомбасы мен жаппай қырып-жоятын қаруды харам санаймыз. Бірақ, қажет санаған барлық нәрсеге қол жеткізуге талпыныс жасаймыз»,- деп қуаттады.

Аятолла Хаменеи экономика мәселесін өте маңызды бағалап, жергілікті мүмкіндіктер мен халыққа сүйенуді экономикалық қиындықтарды шешетін жол деп атап: «Қарсыласу экономикасы тек елдің ішімен шектелмейді. Бұл экономика басқа елдермен қарым-қатынас орнатуға қарсы емес»,- деп баса айтты.

Аятолла Хаменеи сөзінің келесі бөлімінде биылғы 22 бахман шеруіне халықтың жаппай қатысуына тоқталып: «Ислам революциясыынң 40-шы жылдығына аяғына басқан жағдайда халықтың шерулерге бір кісідей қатысуы мұғжиза сынды. Бұл әлемнің ешбір революциясында болмаған оқиға»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі дұшпандардың Ислам революциясының айбынын түсіну қабілетінен кенде екендігі мен  олардың революцияның нәтижелерін теріске шығару талпыныстарына тоқталып, Ислам революциясының ең маңызды нәтижесін тағұт режимін халықтық демократияға айналдыру деп атап: «Халықтық демократия деген барлық мәселелердің негізінің халықтық болуында»,- деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі сайлау және халықтың діни жетекшіні, президенті пен басқа да басшыларды сайлауға тікелей немесе жанама түрде қатысуын халықтық демократияның тек бір бөлігі санап: «Халықтық демократия, яғни халықты өмірдің барлық істеріне  қатысты дауыс беріп, шешім қабылдау құқығының иесі санау. Бұл – революцияға дейінгі ғасырлардағы  халықтың шешім қабылдау ісіне қатыспауы мен үстемшіл билікке қарсы тақырып»,- деді.  Аятолла Хаменеи Иран халқының ғиззаты мен ұлылығын ислам революциясының жетістігі деп атап: «Қазіргі таңда күн сайын 10 миллион баррель мұнай сатып, қазынасы ақшаға толы аймақ мемлекеттерінің бірі артта қалған мемлекет саналып, оның халқының ешбір сөзі мен хабары әлемде естілмейді. Керісінше, діни халықтық демократияның әсерінен қоғамдық пікірдің көзқарасы бойынша, Иран халқы – революцияның жеңімпазы»,- деп қуаттады.