"Ортақ қадам" бағдарламасы: жетекші көзқарасы
Революция жетекшісінің "Ортақ қадам" бағдараламасына қатысты айтқан сөздері ислам республикасы жүйесі саясатының логика мен рационалдыққа негізделіп, тәжірибеге сүйеніп, АҚШ-тың мақсаттарын тануды көздейтінін тағы көрсетті.
Хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні Иранның солтүстік-батысындағы Табриз қаласының революцияшыл әрі діндар халқының мыңдаған өкілімен кездесуде америкалықтар мен кейбір еуропалық елдердің міндеттемелерін бұзуы мен қаскөйліктеріне тоқталып: "Біз "Ортақ қадамға" байланысты шетелдіктерге иек артудың салдарларын тарттық. Ядролық келіссөздерге қатысты оларға сенім арттық. Бірақ. оның ешбір пайдасы болмады",- деді.
Иранның АҚШ-қа сенім артпайтындығы жай ұран ғана емес. Бұл өткен тәжірибе, АҚШ-тың қазіргі әрекеті мен билікқұмар мақсаттарын реалистік тұрғыдан талдауға негізделген. АҚШ-тың зиянкестігімен "Ортақ қадам" бағдарламасының белгіленген мақсаттарына жете алмауы бүгінде әлемдік мәселеге айналып, бұған байланысты көп алаңдаушылық естіліп жатыр.
Қазір "Ортақ қадам" бағдарламасының жүзеге асқанынан бері 25 ай өтті. АҚШ-тың өз міндеттемелерін орындамайтыны баршаға мәлім болды. Алайда ИИР өз уақыты мен күшін босқа күтіп отыруға жұмсамайды. Иран халқының бүгіні мен ертеңі үшін маңызды нәрсе ішкі әлеуеттерді, әсіресе елдің экономика саласындағы әлеуеттерді пайдалану болып табылады. Революция жетекшісі айтып өткендей, елді бос қиялмен бөгемеу қажет.
АҚШ пен кейбір Еуропа елдерінің, соның ішінде Францияның көрсеткен әрекеті қазір ядролық мәселеден шығып, Иранның қорғаныстық мәселелері саласына жол тапты. Бұл араласушылық пен зорлық көрсету дегенді білдіреді. Оның мақсаты Иранды іштей әлсірету болып табылады.
Саяси мәселелер жөніндегі сарапшы әрі халықаралық істер жөніндегі маман Морад Энади "Джаме Джам" газетіндегі АҚШ-тың "Ортақ қадамды" бұзуға байланысты әрекеттері туралы мақаласында: "АҚШ санкциялардың күшіне енуін кейінге қалдыру туралы құжатқа қол қойып, "Ортақ қадам" бағдарламасынан шықпағанына қарамастан, өзінің саясаты арқылы оны тағы да тиімсіз етті. АҚШ Конгресі мен Ақ үйдің "Ортақ қадамды" жоюдағы ойынында АҚШ ядролық емес санкцияларды күшейту арқылы өзінің санкциялық стратегиясына табандылық танытуды артық көрді. 1358 жылдан бері Конгрестің Иранға қарсы қабылдаған алғашқы санкцияларын жалғастырып келген АҚШ Countering America's Adversaries Through Sanctions Act» атты жаңа санкциялық саясаты арқылы және адам құқықтарын бұзу мен Иран лаңкестікке қолдау көрсетуде деген сылтауымен іс жүзінде жаңа тәсілдер арқылы санкицялардың екінші легін жалғастырып, оларды күшейтіп жатыр",- деп жазды.
Осы жерде мынадай сауал туындайды: осындай бопсалаушылық АҚШ-тың Иранға қойып отырған барлық талабы ма? Мұның жауабы анық: АҚШ Иран халқына өз үстемдігін қайтадан орнатуды көздеп отыр.
Революция жетекшісі бір жарым жыл бұрын сөйлеген сөзінде бұл мәселеге тереңірек көзқараспен қарап: ""Ортақ қадам" бағдарламасы біз үшін бір үлгі, тәжірибе болды. Сырттай уәде беріп, жылы сөйлеп, бірақ іс жүзінде қастандық құрып, бәрін қиратып, бұзып, істердің ілгерілеуіне кедергі жасап отыр",- деп айтқан болатын.
Алайда, АҚШ ИИР-ның өз болашағы мен мүдделеріне кепіл берілетін жолды таңдап, АҚШ-тың "Ортақ қадамға" қатысты жобаларын назарға алып, тиісті саясат ұстанатынын түсінген шығар.