Зариф: АҚШ "Ортақ қадамнан" шықса, әлемде оқшау қалады
https://itolqyn.com/news/iran-i34975
ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасындағы міндеттемелерін бұзуына байланысты ислам республикасының реакция білдіретінін ескертіп: "Егер АҚШ "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығатын болса, әлемде оқшау қалады",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 21, 2018 22:44 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ

ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасындағы міндеттемелерін бұзуына байланысты ислам республикасының реакция білдіретінін ескертіп: "Егер АҚШ "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығатын болса, әлемде оқшау қалады",- деді.

Иран СІМ Мұхаммад Дажвад Зариф ресейлік Sputnik ақпарат агенттігіне берген сұхбатында тараптар "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзған жағдайда Иранның тиісті жауап қайтаратынын баяндап: "Егер АҚШ "Ортақ қадамның" күшін жойып немесе келісімнен шығатын болса, Иран дер кезінде жүзеге асыратын көптеген таңдауларға ие",- деп мәлімдеді.

Зариф "Ортақ қадамның" халықаралық келісім екеінін және Иран мен АҚШ арасындағы екіжақты келісім еместігін баса айтып: "Тараптардың бірі халықаралық келісімді өзгерте алмайды. Себебі, егер әлемдік қауымдастықта мұндай жағдай орын алатын болса, бұдан былай ешқандай келісімге қол қойылмайды",- деді.