Иранға қарсы негізсіз уәждерді қайталау Бахрейннің мәселесін шешпейді
https://itolqyn.com/news/iran-i35273-Иранға_қарсы_негізсіз_уәждерді_қайталау_Бахрейннің_мәселесін_шешпейді
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрейн ішкі істер министрлігінің ирандық ұйымдарға қарсы негізсіз және қайталанған уәждерін теріске шығарып: "Жанжал тудыру, қайталанған жобалар мен басқаларды негізсіз айыптау Бахрейн үкіметінің өз азаматтары арасындағы проблемаларын шешпейді",- деп қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 04, 2018 22:18 Asia/Almaty
  •  Иранға қарсы негізсіз уәждерді қайталау Бахрейннің мәселесін шешпейді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрейн ішкі істер министрлігінің ирандық ұйымдарға қарсы негізсіз және қайталанған уәждерін теріске шығарып: "Жанжал тудыру, қайталанған жобалар мен басқаларды негізсіз айыптау Бахрейн үкіметінің өз азаматтары арасындағы проблемаларын шешпейді",- деп қуаттады.

Бахрам Ғасеми бахрейндік басшыларға: "Қауіпсіздік-полициялық шараларды күшейтудің орнына халықпен келіссөздер жүргізуге  жағдай жасаңдар",- деп кеңес берді.

Бахрейннің Ішкі істер министрлігі сенбі күні: "Бахрейнде лаңкестік әрекет жасамақ болған 116 адам құрықталды. Олардың біразы Иран, Хизболла және Ирактағы қарсыласу топтарына қарасты күштер тарапынан жаттығудан өткен",- деген уәж айтты.

Бахрейн режимі өткен жеті жылда 11000-нан астам бахрейндік азаматты негізсіз айыптап, қамауға алды. Тағы біраз адам бұл елдің азаматтығынан айрылып, елден шығарылды. Адам құқығы дереккөздерінің жариялауы бойынша, Бахрейн Батыс Аязиының ең шағын мемлекеті болғанымен, ең көп саяси тұтқынға ие.