Камалванди: Иран екі тәуліктен кем уақытта уранды 20 пайызға дейін байыта алады
Иранның Атом Қуаты ұйымының баспасөз хатшысы Ислам республикасының АҚШ "Ортақ қадам" келісімінен шыққан жағдай үшін қарастырып қойған шараларына сілтеме жасап: "Иран 48 сағаттан кем уақыттың ішінде уранды 20 пайызға дейін байыта алады",- деді.
Иранның Атом Қуаты ұйымының баспасөз хатшысы Беһруз Камалванди жексенбі күні кешке Alаlam арнасына берген сұхбатта Дональд Трмап АҚШ-та билік басына келгеннен бастап "Ортақ қадам" бағдарламасының әлсірей түскенін баяндап: "АҚШ "Ортақ қадамнан" шыққан жағдайда Иран уранды байыту деңгейі мен көлемі, центрифугалардың саны мен басқа да көрсеткіштер тұрғысынан шұғыл түрде қажет шараларды жүзеге асыра алады",- деді.
Иранның Атом Қуаты ұйымының баспасөз хатшысы АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасына қарсы әрекеттерінің бұл елдің саяси тұрғыдан оқшаулануына себеп болатынын айтып: "Еуропа елдерінің шамамен барлығы Трамптың "Ортақ қадамға" қарсы ұстанымдарын сынға алып, бұл келісімді қолдап отыр",- деді.
Камалванди сондай-ақ еуропалықтардың Иранның зымырандық қуатына қатысты келіссөз өткізуге талпынысына тоқталып: "Иран бірнеше рет өзінің қорғаныстық мәселелеріне қатысты ешкіммен келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеді",- деп баса айтты.