Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі 1397 шамси жылын «Ирандық тауарларды қолдау» жылы деп атады
(last modified Tue, 20 Mar 2018 17:48:37 GMT )
Нау 20, 2018 23:48 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі 1397 шамси жылын «Ирандық тауарларды қолдау» жылы деп атады

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі 1397 шамси жылын «Ирандық тауарларды қолдау» жылы деп атады.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хижри шамси жыл санағы бойынша жаңа 1397 жылдың келуіне байланысты жолдауында ирандықтарды, әсіресе шәһидтердің құрметті отбасылары мен соғыс ардагерлерін, жасөспірімдер мен үміт сыйлайтын жастар мен елдің ғылыми қозғалысының көшбасшыларын құттықтап, Наурыз мерекесінің  шаттықта өтуін, жақсылық пен берекеге толы жыл болуын тілеп, жаңа жылды «Ирандық тауарларға қолдау көрсету жылы» деп атады.

Хазірет аятолла Хаменеи 1396 жылдың шарықтаулары мен құлдырауларына, ащысы мен тұщысына жасаған шолуда өткен жылды «Ұлылық пен айбынның және халықтың құзыры көрініс тапқан жыл» деп атап: «Жылдың басында 40 млн-нан астам халық президенттік және кеңестер сайлауына ұлылықпен, таңданыс тудыратын, мағынаға толы түрде қатысты.

Сол құзыр Құдс күнгі шерулерде, дей айының  тоғызы күнгі шерулерде, бәрінен тұрын баһман айының 22 күнгі шерулерде жалғасты» деді.

Хазірет дұшпандардың жылдың соңғы айларында тынышсыздық тудыру мақсатында жоспар құрып, сәтсіз талпыныс жасағандарына тоқталып, халықтың өз еріктерімен бүлікшілерге қарсы шеру өткізуін Иранның ұлы, қырағы, іске әзір халқының барлық майдандардағы құзырының белгісі деп атап: «Иран халқы, тіпті дұшпан бүлікті солардың атына жабуды мақсат еткен адамдардың өздері бүлікшілерге қарсы тұрды. Сол оқиға арқылы Иран халқының ұлылығы бұрынғыдан бетер айқындала түсті» деді.  

Хазірет аятолла Хаменеи ИИР-ның өткен жылдағы келесі жетістігін аймақтық қоқан-лоққыларды мұрсатқа айналдыруы деп атап: «Аймақтық қоқан-лоққылардың мақсаттарының бірі Иранға соққы беру болғанымен, ИИР қауіп-қатердің елге нұқсан келтіруіне рұқсат бермеуімен қатар, тіпті оларды мұрсатқа айналдырды» деді.

Хазірет хижри шамси жыл санағы бойынша 1396 жылдың «Қарсыласу экономикасы: өндіріс, жұмыспен қамту» деген ұранын жүзеге асыру жолындағы талпыныстарды оң әрі үміттендірерлік деп бағалап: «Өндіріс пен жұмыспен қамту бойынша жақсы істер атқарылып, жылдың ұраны біршама орындалды. Алайда, осы ұран толығымен жүзеге асырылуы үшін әлі көп жұмыс қалды» деді.

Сел, зілзала, мұнай танкерінің теңізге батып кетуі, ұшақ апаты мен сол оқиғада отандастардың жақындарының қаза болуы мәртебелі жетекші тілге тиек еткен 1396 жылдағы ащы оқиғалардың қатарын құрады. Хазірет сөзінің жалғасында: «Осы оқиғалармен қатар елдің кейбір аймақтарында құрғақшылықтың жалғасуы мен кейбір таптардың тұрмыстық жағдайларының қиындықтары соларды шешу үшін барша талпыныс жасайтын жайттардың қатарына жатады» деді.

Хазірет жаңа жылдағы халық пен басшылардың әрекеттерінің көкжиектерін баяндауда: «Мен жылдың ұрандарын жариялаған кезде әдетте басшыларға қаратып айтамын, бірақ биыл халықтың барлық тобы, соның ішінде басшылар да қатты жұмыс істеуі керек» деді.  

Хазірет аятолла Хаменеи биылғы жылдың негізгі мәселесін бұрынғы жылдар сияқты экономика мен халықтың әл-ауқатын жақсарту деп атап, ұлттық өндірісті экономикалық қиындықтарды шешудегі негізгі өзек ретінде қуаттап: «Егер ұлттық өндіріс баршаның талпынысы және ерік-жігерімен жылдамдатылса, халықтың тұрмыс жағдайының көптеген мәселелері мен жұмыспен қамту және инвестиция мәселесі шешіліп, әлеуметтік нұқсандар біршама азаяды. Сол себепті биылғы жылдың ұранын «Ирандық тауарларды қолдау» деп атадық» деді.  

Хазірет сонымен қатар имам Заман - имам Мәһди мен ұлы имам - хазірет Әлидің қасиетті рухтарына сәлем жолдап, табиғат көктемінің руханият көктемімен, яғни, режеп, шағбан және мүбәрәк рамазан айларымен тұспа-тұс келуін халықтың материалды және рухани тұрғылардан дамып, өсуі үшін мүмкіндік деп атады.