Ғасеми: Иранға қатысты арнайы баяндамашының миссиясын ұзарту үшін заңды негіз жоқ
(last modified Mon, 26 Mar 2018 09:33:28 GMT )
Нау 26, 2018 15:33 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Иранға қатысты арнайы баяндамашының миссиясын ұзарту үшін заңды негіз жоқ

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ирандағы адам құқығының жағдайы туралы қарардың бекітілуін айыптап, мұның санаулы елдердің БҰҰ-ның адам құқығы механизмін теріс мақсатта пайдаланып жатқанын көрсететінін айтты.

Бахрам Ғасеми жексенбі күні: "Бұл қарар әлем мен аймақ деңгейінде адам құқығын бұзып отырған негізгі елдер саналатын жеке бір саяси блок пен аймақтағы кейбір елдердің дауысы мен қолдауына сүйеніп бекітілді. Иран бұл қарарды айыптап, теріске шығарады.

Иранға қатысты арнайы баяндамашының миссиясын ұзартудың ешқандай себебі де, кәсіби негізі де жоқ. Бұл – қажетсіз іс. Сондықтан, осындай күмәнді лауазымға тағайындалатын баяндамашы өзінің заңдылығына қатысты түбегейлі қиындыққа ұшырайды",-деді.