Зариф: Иран Сирия халқының қиындықтарын азайтуға көмектеседі
https://itolqyn.com/news/iran-i364-Зариф_Иран_Сирия_халқының_қиындықтарын_азайтуға_көмектеседі
Иран Сыртқы істер министрі: «ИИР Сирияның дағдарысын тоқтату және халқының қиындықтарын азайтуды мақсат ететін талпыныстарға қатысуға дайын»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 06, 2016 07:50 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран Сирия халқының қиындықтарын азайтуға көмектеседі

Иран Сыртқы істер министрі: «ИИР Сирияның дағдарысын тоқтату және халқының қиындықтарын азайтуды мақсат ететін талпыныстарға қатысуға дайын»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігінің мәліметінше Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Лондонда Сирия халқына көмек көрсету мәселесіне арналып өткен халықаралық отырыста: «Мыңдаған халықтың қырылуы мен жарақат алуы, Сирия халқының миллиондап босқынға айналуы, қиратулар мен рақымсыздық бүкіл адамзаттың ұжданына әсер етті. Ислам републикасы Сирияның «Қызыл Жарты ай» ұйымымен ынтымақтастықтастық жасап, Сирияның барлық аймақтарына көмек көрсетуде. Мұндай көмектерге қарамастан Сириядағы адами апаттың кеңеюіне байланысты бұл елде осы уақытқа дейін көптеген жұмыстар орындалмады»,- деді.

Зариф Сирия дағдарысынан шығатын жалғыз жолды саяси келіссөздер деп атап: «Шетелдік мемлекеттер мен ойыншылардың рөлі шарт қою емес, келіссөздерді өткізу үшін жағдайды жеңілдету болып табылады. Әлемдік қауымдастық бірігіп, Сириядағы экстремистердің адами, қаржы және әскери күштерге қолжетімділігіне рұқсат бермей, лаңкестік топтардың мұнай сатып алуы мен оларға қаржы кірістерінің жеткізілімін тоқтатуы керек»,- деп баса айтты.