Салехи: Иранның айбындылығы ядролық шәһидтердің жанкештілігіне қарыздар
Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Иранның қазіргі абыройы мен айбындылығын ядролық шәһидтердің жанкештілігіне қарыздар деп бағалады.
Атом Қуаты Ұйымының ақпарат тарату торабының мәлімдеуінше, Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи осы ұйымның басшылары мен қызметкерлерін қабылдауында өткен жылды Иран үшін тағдыр шешуші жыл болды деп атап: «Иран халқы өткен жылы тілеулестік және үндестікпен, ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің жол нұсқауларымен және абырой мен айбындылығының арқасында еш алпауыттың алдында тізе бүккен жоқ» деді.
Салехи ИСИМ лаңкестік тобын құру сияқты Таяу Шығыс аймағындағы дағдарыстарға сілтеме жасап: «Иранда ойдағыдай қауіпсіздік орнады. Иран үшін бейберекеттік пен қиын жағдай тудыруды көздеген елдердің өздері қазір дағдарысқа ұшырап отыр» деді.
Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының жетістіктеріне тоқталып: «Иранда уран байыту үдерісі сақталып, елдің тек өзіне ғана иек артуының нәтижесінде Иранда өндірілген жағармай бағасының әлемдік бағадан айырмашылығының болмауына талпыныс жасалды» деді.