Философия мен рационалды ғылымдар Құм мен Теһрандағы діни оқу орындарында кең түрде оқытылуы керек
(last modified Wed, 25 Apr 2018 14:45:15 GMT )
Сәу 25, 2018 20:45 Asia/Almaty
  • Философия мен рационалды ғылымдар Құм мен Теһрандағы діни оқу орындарында кең түрде оқытылуы керек

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі марқұм Аға Али Занвариді еске алуға арналған «Хакиме Теһран» форумын ұйымдастырушылармен кездесуде Құм мен Теһрандағы діни оқу орындарында философия мен рационалды ғылымдарды тарату керектігін қуаттады.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Ислам революциясынан кейін діни ғылым орындарында рационалды ғылымдардың таралуына ризашылық білдіріп, сын мен инновацияны ғылымның осы саласының дамуы мен кеңеюінің себебі деп атап: «Марқұм Аға Али Занваридің көрнекті ерекшелігі – рационалды ғылымдардағы сыни рухы мен жаңа сөз айтуы. Мұндай ұлықтау рәсімдері тек бір адамды ғана еске алуға арналмайды, шын мәнінде ой-пікір ағымына құрмет білдіріп, соларды тарату саналады» деді.

Хазірет философия саласының кейбір үлкен тұлғаларын еске алу арқылы олардың еңбектері мен үндерін ғылыми қоғамға таныту қажеттігін қуаттап, философиялық концепциялар мен осы ұлылардың еңбектерінің тереңдігін түсінуге лайық қысқаша мәтіндерін жинақтаудың маңызын баса айтып, жастарды рационалды ғылымдарға шақырып, діни ғылыми мекемелердің рационалды ғылымдарға, әсіресе философияға көңіл аударуын өте маңызды деп атады.

«Хаким Моассес» деген атпен танымал марқұм Аға Али Моддарес Теһрани философия мен ислам хикметі салаларындағы танымал ғылыми тұлғалардың бірі болған.

 

Тегтер