Лариджани: Иран халқының жолы АҚШ-тың қоқан-лоққысынан өзгермейді
https://itolqyn.com/news/iran-i36500
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы АҚШ Президентінің Иранға қарсы сөздеріне реакциясында: «АҚШ пен сионистік режимге уақыты келгенде жауап беріледі. Олардың әрекеттері Иран халқының жарқын жолына әсер етпейді»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 26, 2018 14:13 Asia/Almaty
  • Лариджани: Иран халқының жолы АҚШ-тың қоқан-лоққысынан өзгермейді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы АҚШ Президентінің Иранға қарсы сөздеріне реакциясында: «АҚШ пен сионистік режимге уақыты келгенде жауап беріледі. Олардың әрекеттері Иран халқының жарқын жолына әсер етпейді»,-деді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп сейсенбі күні жауластық сөзінде Иранға қоқан‑лоққы жасап, Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын тоқтатуды сұрады.

Әли Лариджани сәрсенбі күні Теһранда Құран халықаралық сайысының 35-ші кезеңінің жабылу рәсімінде америкалықтардың саяси әрекеттерінің Иранның ядролық мәселесіне әсер ете алмайтынын қуаттап: «Иранның Конституциясында жапа шеккен кез келген халықты, соның ішінде осы жолда Палестина мен Йеменді қолдайтыны қуатталған, өйткені оларға зұлымдық жасалып жатыр»,-деді.

Ол сионистік режиммен байланыс орнатуды қалайтын елдерге қаратып: «Мұндай істің соңы насырға шабады. Бірақ кейбір араб билеушілері исламға дұшпандардың олардың алдында дөрекілік жасауына жол беріп отыр»,-деді.