Велаяти: Иран өзінің мүддесіне зиян тигізетін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қабылдауға дайын емес
(last modified Fri, 27 Apr 2018 15:11:24 GMT )
Сәу 27, 2018 21:11 Asia/Almaty
  • Велаяти: Иран өзінің мүддесіне зиян тигізетін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қабылдауға дайын емес

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: «Еуропалықтардың Дональд Трамптың көңілінен шығудағы талпынысы іс жүзінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының беделін түсіреді. Иран өзінің мүддесіне зиян тигізетін «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын қабылдауға дайын емес»,-деді.

Әли Акбар Велаяти кеше Мешхедте Ислам революциясы жетекшісінің өкілдіктері кеңселерінің жауапты тұлғалары мен орынбасарларының қырқыншы форумында сөйлеген сөзінде: «Егер еуропалықтар бір жағынан «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасының беріктігіне күмән келтіргісі келсе, екінші жағынан осы бағдарламада жойылған санкцияларды Иранның зымырандық қорғанысы немесе аймақтағы заңды құзыры сылтауымен қайта енгізгісі келсе, іс жүзінде бұл бағдарламаны беделден айырады»,-деді. 

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасының қалай жазылды, солай орындалу керектігін, болмаса ИИР-ның қарымта әрекет жасауға дайын екенін айтып: «Егер еуропалықтар америкалықтармен келісімге келіп, АҚШ Президентін осы бағдарламада қалуға көндіре алса және санкциялардың сақталынуымен қатар жүрсе, ИИР тарапынан қабылданбайды»,-деді.

 

 

Тегтер