Шамхани: "Ортақ қадам" – халықаралық ұйымдардың тиімділігін бағалауға арналған тарихи сынақ
ИИР-ның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі бекіткен саяси-қауіпсіздік келісімі саналатын "Ортақ қадам" бағдарламасының табысқа жетуін немесе сәтсіздікке ұшырауын қақтығыстың орнына қолданылған сұхбаттасу логикасының әсері мен халықаралық ұйымдардың тиімділігін бағалауға арналған тарихи сынақ деп атады.
IRNА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР-ның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани сенбі күні Теһранда өткен ИИР Тәртіп сақтау күштері қолбасшыларының басқосуында Дональд Трамптың "Ортақ қадамға" қатысты сөздері мен әрекеттеріне сілтеме жасап: "Егер АҚШ президенті өзіне дейінгі үкіметтің келісімі мен міндеттемесін қабылдамаса, енді бірде-бір мемлекеттің АҚШ-пен келіссөз өткізіп, келісімге келмейтіні анық. Себебі, кейінгі үкіметтердің де қазіргі үкіметтің міндеттемелерінен бас тартуы ықтимал",- деді.
Шамхани сондай-ақ, АҚШ пен соинистік режимнің қоғамдық пікірдің алдында берілу немесе соғысу жайлы жалған мәлімдеме жасаудағы талпынысына тоқталып: "Дұшпан ислам республикасының ішкі және сыртқы аспектілердегі саяси қуаты мен әскери-қауіпсіздік дайындығынан хабардар",- деп мәлімдеді.