Велаяти: АҚШ "Ортақ қадамнан" шығатын болса, Иран қарсылық көрсетеді
Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі АҚШ "Ортақ қадамнан" шығатан болса, ИИР-ның орнаған жағдайға байланысты жауап қайтаратынын мәлімдеді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі жексенбі күні 31-ші Теһран халықаралық кітап көрмесінде тілшілерге берген сұхбатта Иранның "Ортақ қадамға" қатысты АҚШ-қа қайтаратын жауабы жайлы: "Иранның ядролық мәселеге қатысты кез келген шешім қабылдауда ерікті. Америкалықтар бұл мәселені тексере алады",- деді.
Велаяти аймақтың негізгі мәселесін Палестина мәселесі деп атап: "Өкінішке орай, жиырмасыншы ғасырдың басында аймақтың кейбір сатқындары ағылшындықтар сионистердің Палестинаға басқыншылығы жөніндегі пікірімен келіскені секілді бүгінде де аймақтың кейбір кертартпа елдері, әсіресе Сауд режимі АҚШ-тың өз елшілігін Бейт ул-Мұқаддасқа көшіру туралы шешімін қолдап отыр.
АҚШ елшілігін Бейт ул-Мұқаддасқа көшіру Құдсты басып алуды толықтыру болды, алайда Ислам әлемі мен палестиналықтар израильдіктер мен сионистердің қуанышқа кенелуіне жол бермейді",- деді.