Иран экономикасын дұшпандардан, әсіресе АҚШ-тың теріс кеңістік тудыруынан сақтау керек
https://itolqyn.com/news/iran-i36808
Иранның Орталық банкінің басшысы: «Валютаға қатысты жаңа шешімдерді қабылдаудың басты себептерінің бірі Иранның экономикасын дұшпандардың, әсіресе АҚШ-тың теріс кеңістік тудыруынан сақтау болды» деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 09, 2018 00:25 Asia/Almaty
  • Иран экономикасын дұшпандардан, әсіресе АҚШ-тың теріс кеңістік тудыруынан сақтау керек

Иранның Орталық банкінің басшысы: «Валютаға қатысты жаңа шешімдерді қабылдаудың басты себептерінің бірі Иранның экономикасын дұшпандардың, әсіресе АҚШ-тың теріс кеңістік тудыруынан сақтау болды» деді.

Иранның Орталық банкінің басшысы Валиулла Сейф АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу ықтималы жөнінде: «АҚШ қандай шешім қабылдаса да, Иран экономикасы қабылданған бағдарлама бойынша әрекет ететін болады. АҚШ-тың шешімі Иранның жоспарын бұзбайды.

Жаңа валюта жүйесі Иранның валюта қорының тиімді құрылым аясында бақылауға алынуына себеп болды. Соның арқасында валютаның  қажет басымдықтарға толық сеніммен бөлінуіне жағдай жасалады»,‑деді.

Иранның Орталық банкінің басшысы үкіметтің АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты ықтималды шараларына реакциясында: "Үкімет өзінің дұрыс жолын жалғастыруға шешім қабылдап отыр. Бұл салада әртүрлі таңдау жолдары бар. АҚШ-тың қабылдаған шешімдері мен шараларына байланысты оларға реакция көрсетілетін болады",-деді.

АҚШ Президенті  Дональд Трамп сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де (Теһран уақыты бойынша 22:30) "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты ұстанымын жариялайды.