Иран Мәжілісінің өкілдері Америка президентінің «Ортақ қадам» келісімінен шығу әрекетін айыптап, мәлімдеме жариялады
Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері Иран үкіметінен «Ортақ қадам» келісімін орындауға қатысты «Өзара және тиісті әрекет» заңының үшінші бабын жүзеге асыруды сұрады.
Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің өкілдері Мәжілістің бүгінгі ашық отырысында мәлімдеме жариялап, Америка президентінің елін «Ортақ қадам» келісімінен шығарған әрекетін айыптап: «Америка президенті халықаралыық заңдарға қайшы «Ортақ қадам» келісімінен шығып, осы елдің үкіметі мен сионистік режим және кейбір кертартпа араб елдері мен мұнафықтардың Иран халқына қарсы бір шепте тұрғанын көрсетті. Шүбәсіз, бұл әлемдіктер үшін, әсіресе «Ортақ қадам» келісіміне қол қойған еуропалық елдер мен Ресей және Қытай үшін Америка президентінің үстемшілдігі алдында табандылық таныта ала ма және осы арқылы әлемде келіссөз бен төзімділік жолы бұрынғысынша ашық қала ма немесе Америка президентінің монополизациялау, күш көрсету және қисынсыздығын қолдайды ма деген мәселелерге қатысты үлкен сынақ» деді.
Исламдық Кеңес Мәжілісінің өкілдері Америка «Ортақ қадам» келісімінен шыққаннан кейінгі өздерінің символды әрекеттерінде Американың туын Мәжілістің ашық сахнасында өртеді.