Иран университтерінің студенттері АҚШ Президентінің қорлаушы сөздерін айыптады
https://itolqyn.com/news/iran-i36838
Иран университеттерінің ұстаздары, студенттері мен студенттік ұйымдар наразылық шерулерін өткізіп, АҚШ Президентінің пасық сөздерін айыптады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 10, 2018 13:23 Asia/Almaty
  • Иран университтерінің студенттері АҚШ Президентінің қорлаушы сөздерін айыптады

Иран университеттерінің ұстаздары, студенттері мен студенттік ұйымдар наразылық шерулерін өткізіп, АҚШ Президентінің пасық сөздерін айыптады.

Теһран қаласындағы әртүрлі университеттердің ұстаздары мен студенттері сәрсенбі күні АҚШ-тың Теһрандағы бұрынғы елшілігінің алдында жиналып, "АҚШ-қа өлім!" деп ұрандатты.

Теһран қаласының студенттері, сондай-ақ, Ислам революциясы жетекшісінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы кеше айтқан сөздерін қолдайтынын жариялады.

Иранның Исламды жарнамалау ұйымының ұйымдастыру кеңесі осы мәлімдемеде исламдық Иран халқын осы аптадағы жұма намазынан кейін елдің түкпір-түкпірінде АҚШ-қа қарсы халықтық шерулерге қатысуға шақырды.