Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: АҚШ өкінетін болады
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми: "АҚШ "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығу туралы шешіміне өкінетін болады.
Әлем халқы АҚШ басшылығының АҚШ-тың сенімсіз ел екендігін білдіретін айқын және маңызды жолдауын тағы естіді. АҚШ-тың басшылығы БҰҰ-ның рөлі мен оның Қауіпсіздік кеңесінің бекіткен қарарына назар аудармайтынын және мұның осы халықаралық ұйым мүшелеріне көрсеткен қорлау әрекеті саналатынын көрсетті",- деді.
Ғасеми президенттің СІМ-не "Ортақ қадамның" басқа тараптарымен келіссөздер жүргізу үшін берген бұйрығы туралы: "Алдағы күндер мен апталарда осы мәселені қарастырамыз",- деп мәлімдеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні "Ортақ қадам" келісімінің нәтижесіз болғаны туралы уәж айтып, Иранға қарсы айыптауларын қайталап, өз елінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығатыны туралы жарлыққа қол қойды.