Джахангири: Америкалықтар Иранның қуатын әлсіретуді көздеп отыр
https://itolqyn.com/news/iran-i36912
ИИР-ның бірінші вице-президенті АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шыққанына тоқталып, америкалықтардың Иранның күш-қуатын әлсіретуді көздеп отырғанын баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 13, 2018 14:50 Asia/Almaty
  • Джахангири: Америкалықтар Иранның қуатын әлсіретуді көздеп отыр

ИИР-ның бірінші вице-президенті АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шыққанына тоқталып, америкалықтардың Иранның күш-қуатын әлсіретуді көздеп отырғанын баса айтты.

Исхақ Джахангири сенбі күні Теһран халықаралық кітап көрмесінің жабылу салтанатында сөйлеген сөзінде Дональд Трамптың АҚШ-та билік басына келе салысымен Иран экономикасына бейберекет кеңістік орнатуға талпыныс жасағанын баяндап: "Америкалықтар "Ортақ қадамнан" шығу туралы мәселе көтерілгенде Иран экономикасының көрсеткіштері бейберекет күйге ұшырайды деп күтті. Алайда Иранда бұл сала бойынша сәл де болсын өзгеріс болған жоқ",- деді.

Джахангири "Ортақ қадамды" 2016 жылы қаңтарда жүзеге асыра бастаған кезден бастап АҚШ-тың өз міндеттемелерін орындамағанына сілтеме жасап: "Америкалықтар "Ортақ қадамды" жүзеге асыра бастаған уақыттан бастап өз міндеттемелерін орындау мен Иран халқының құқықтарын жүзеге асыру үшін шынайы әрекет жасамады. Америкалықтардың "Ортақ қадам" келісімінен шығуы ең алдымен олардың халықаралық беделіне соққы тигізеді",- деді.

Иранның бірінші вице-президенті сондай-ақ, АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шығу үшін бірнеше рет өз одақтастарымен келіссөз өткізгеніне тоқталып: "АҚШ сионистік режим және Сауд Арабиясымен келісіп, "Ортақ қадамнан" шықты",- деді.