Брюссель «Ортақ қадам» келісіміне қатысты Американың қысымдарына табандылық танытады
https://itolqyn.com/news/iran-i37084
Еуропа Одағының Энергетика комиссары Теһран мен Брюссельдің «Ортақ қадам» келісімінің пайдаларын көруі керектігін айтып, Еуропа Одағының Американың «Ортақ қадамға» қатысты қысымдары мен талаптары алдында табандылық танытатынын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 19, 2018 16:37 Asia/Almaty

Еуропа Одағының Энергетика комиссары Теһран мен Брюссельдің «Ортақ қадам» келісімінің пайдаларын көруі керектігін айтып, Еуропа Одағының Американың «Ортақ қадамға» қатысты қысымдары мен талаптары алдында табандылық танытатынын қуаттады.

Мигель Ариас Каньете сенбі күні Теһранда Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Али Акбар Салехимен өткізген ортақ хабар брифингінде Американың «Ортақ қадам» келісімінен шыққанының бұл келісімді жүзеге асыруды жалғастыру үдерісіне әсер етпейтінін, Еуропа Одағының «Ортақ қадам» келісімін жүзеге асыруды бұрынғысынша жалғастыратынын, Иранмен ынтымақтастығын үзбейтінін баса айтты.

Еуропа Одағының Энергетика комиссары аталмыш одақтың Америка тарапынан еуропалық компанияларға салынатын санкциялары мен қысымдарын залалсыздандыратынын қуаттап: «Еуропа Одағы Америка тарапынан санкция салынатын компанияларды қолдауға негізделген 1996 жылғы заңды жандандырады» деді.

Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Али Акбар Салехи де хабар брифингінде сөйлеген сөзінде Еуропа Одағының Америка «Ортақ қадам» келісімінен шыққаннан кейінгі жағдайға байланысты өзінің барлық талпынысын жасауы керектігін баса айтып, жақын арада Еуропаның Иранға берген уәделерін іске асыратындығына үміт білдірді.