Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Еуропаны өз міндеттемелерін орындауда қауқарсыздық танытпауға шақырды
(last modified Wed, 23 May 2018 09:45:57 GMT )
Maм 23, 2018 15:45 Asia/Almaty
  • Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Еуропаны өз міндеттемелерін орындауда қауқарсыздық танытпауға шақырды

Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Шамхани "Егер Еуропа өз міндеттемелерін орындай алмаса немесе АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуын теріс пайдаланып, басқа тақырыптарды қозғап, Иранға қысым көрсетпек болса, Теһран қазіргі сыртқы саясатын қайтадан қарастырады",- деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшысының Еуропаның қатынасы және "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты  ықтималдары туралы сөзінде Иранның аталмыш келісімде қалуының шартына тоқталды. Қазір "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын ықтималды екі тағдыр күтуде:

бірінші ықтимал, аталмыш келісім Қауіпсіздік кеңесінің қарарына сай болып, Иранның мүдделері қамтылатын болса, жалғасады. Бұл жолдағы ілгерілеушілік Еуропаның саяси және экономикалық тәуелсіздігін қажет етеді;

екінші ықтимал, АҚШ қысымдарының алдында Еуропаның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауға күші жетпесе немесе АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққандағы жаңа жағдайын өз мүддесіне пайдаланса, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы айтқандай, Иранның сыртқы саясаты қайтадан қарастырылады. Сарапшылардың пікірінше, АҚШ-сыз "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жаңа жағдайға ие және ескерілген екі ықтималмен кезігіп отыр. Бұл жаңа жағдай саяси және экономикалық  факторларға ие. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі бақылаушы орган ретінде Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатты екенін растаған болатын. Осыған орай Шамхани БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына сай Иранның уран байыту жұмыстарының ресми қабылданғанына тоқталып: "Халықаралық "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бойынша Иранның ядролық бағдарламасының қалай жалғасатыны белгіленген. Ядролық келіссөздердің жабылған ісі ешбір жағдайда қайтадан ашылмайды",- деді.

Саяси тұрғыдан АҚШ үкіметі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуын сылтауратып отыр. Трамп пен Помпеоның уәждері Иранның аймақтағы ықпалы мен зымырандық қорғаныс күш-қуатына қатысты айтылды.

Помпео дүйсенбі күнгі негізсіз уәждерге толы сөзінде: "АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң Иранға қарсы бұрын-соңды болмаған санкциялар салады. Қаржы саласында қысымды арттыру Теһранның аймақтағы рөлін азайтып, ядролық және зымырандық бағдарламасына тыйым салады",- деді.

Иран Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде: "Санаулы режимдерден басқа әлемнің бүкіл мемлекеттерінің қарсылықтарына  қарамастан өзінің саяси, құқықтық және халықаралық міндеттемелерін бұзған АҚШ өз міндеттемелеріне табанды болған Иран сияқты үлкен елге шарт қоятын жағдайда емес",- деп баса айтты.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшысының Еуропаның қатынасы туралы ескертулерін де осы тұрғыдан бағалауға болады. Өйткені, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының өзгерген, яғни АҚШ одан шыққан жағдайында Еуропа тарапынан да Американың әрекеті қайталануы мүмкін.