Зариф: АҚШ-тың жаңа стратегиясы бұл елдің оқшаулануын арттырады
Maм 27, 2018 23:39 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі: "АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы жариялаған Иранға қарсы жаңа стратегиясы бұл елді одан сайын оқшауландыра түседі",- деді.
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мамырдың 21 күні Трамп Американың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығатынын жариялағанннан кейін Иранға қатысты негізсіз айыптауларын қайталап, Иранға қарсы санкцияларды күшейтумен қорқытып, Иран үшін уран байыту нысандарын жабу деген тақырыптарды қамтыған 12 шарт қойды.
Мұхаммад Джавад Зариф Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Дипломатия мен ұлттық мүдделер фракциясы мүшелерінің отырысында сөйлеген сөзінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын Иранның үлкен жетістігі деп бағалады.
Тегтер