Сардар Салами: Иранның зымырандық күш-қуаты келіссөз жүргізетін мәселе емес
Ислам революциясы Сақшылар корпусы Бас қолбасшысының орынбасары Иранның зымырандық әлеуетін қорғау және дамытуды қуаттап: "Ислам республикасының зымырандық күш-қуаты келіссөз жүргізетін мәселе емес. Ешкім бізді қорғаныс күшімізден мақұрым ете алмайды",- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ислам революциясы Сақшылар корпусы Бас қолбасшысының орынбасары Хосейн Салами дүйсенбі күні Теһранда АҚШ Мемлекеттік хатшысының Ираннан зымырандық күш-қуатын тоқтатуды талап етуін ұят тақырып деп атап: "Иранның зымырандық күш-қуаты келіссөз жүргізетін мәселе емес. Біз оны ілгерілетеміз. Қазіргі таңда біздің қорғаныс күш-қуатымыздың жоғары дәрежеге жеткені сондай, тіпті, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы "Иран өзінің баллистикалық зымырандарын дамытуды тоқтатуы керек" деді. Яғни, бұл Американың оны өзі жүзеге асыра алмайтынын көрсетеді",- деп қуаттады.
Сардар Салами сондай-а,қ АҚШ басшыларының Иранға қарсы қоқан-лоққыларының арттыруы мен бұл елдің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуын маңызды емес деп атап: "Олардың әрекеттердің мақсаты – Иранға қарсы қысымдарды арттыру. Бірақ, Ислам революциясының 40 жылғы тәжірибесі Иран халқының ешбір қоқан-лоққыға бағынбайтынын көрсетті",- деп баса айтты.