Велаяти: Иранның зымырандық қабілеті мен аймақтық құдіреті АҚШ-тың қарсылығына қарамастан сақталады
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: "Иранның зымырандық қабілеті мен аймақтық құдіреті АҚШ-тың қарсылығына қарамастан сақталады. Елдің ядролық қуаты шектеу қойылмаған салаларда нығаяды",-деді.
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі әрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бақылау комиссиясындағы ирандық делегацияның мүшесі Әлиакбар Велаяти сәрсенбі күні кешке Теһранда Ислам революциясы жетекшісінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы баяндамалары мен ұстанымдарын қайта оқу және түсіндіруге арналған жиналыста Иранның кемелері мен инфрақұрылымына қажетті мықты ядролық моторларды жасап, қолдану, тұрақты изотоп пен UF6 (уран гексафторидін) өндіру және Иранның ядролық қуатын нығайту үшін көміртек талшығын қолдануды АҚШ-тың уағда бұзушылығына жауап деп атап: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бойынша, Иранның бұл шараларына ешқандай тыйым салынбаған. Бұл келісімді бұзбайды",-деді.
Велаяти АҚШ-тың аймақтан шығып, оны өз иелеріне қалдыруы қажеттігін айтып: "АҚШ-тың Ирактың Күрдістан аймағында осы елді бөлшектеу үшін әрекет етіп жатқан ең үлкен консулдығының болуына қарамастан, АҚШ-тың аймаққа қатысты барлық жоспарлары жеңіліске ұшырады. Иран аймаққа шабыт сыйлап келеді",-деді.