Зариф: Барша АҚШ-тың бұзақылығына қарсы тұруы тиіс
https://itolqyn.com/news/iran-i37536-Зариф_Барша_АҚШ_тың_бұзақылығына_қарсы_тұруы_тиіс
Иран СІМ әртүрлі мемлекеттердің СІМ-леріне жолдаған хатында: "Халықаралық қауымдастық мүшелерінің әрқайсысы АҚШ-тың заңнан жалтаруы, бұзақылық айла-тәсілдері мен заңға көзжұмбайлық танытуына қарсы тұруы тиіс",- деп жазды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 04, 2018 18:19 Asia/Almaty
  • Зариф: Барша АҚШ-тың бұзақылығына қарсы тұруы тиіс

Иран СІМ әртүрлі мемлекеттердің СІМ-леріне жолдаған хатында: "Халықаралық қауымдастық мүшелерінің әрқайсысы АҚШ-тың заңнан жалтаруы, бұзақылық айла-тәсілдері мен заңға көзжұмбайлық танытуына қарсы тұруы тиіс",- деп жазды.

Иран СІМ-нің дипломатиялық ақпарат тарату басқармасының жексенбі күнгі мәліметі бойынша, Иран СІМ-нің басқа мемлекеттермен АҚШ үкіметінің заңсыз әрі біржақты әрекеті, әсіресе оның "Ортақ қадамнан" шығуы туралы кеңесулерінің жалғасында ИИР СІМ Мұхаммад Джавад Зариф түрлі елдердің СІМ-леріне жолдаған хатында АҚШ әрекетінің қатерлі салдарына тоқталды.

Зариф АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығуын бұл елдің "Ортақ қадам" және Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзу мен әлсіретудегі талпыныстарының шарықтау шегі деп атап, "Ортақ қадамның" кез келген басқа халықаралық келісім секілді барлық тараптардың келісімі мен өзара міндеттемелеріне адалдық қағидасына бағынатындығына сілтеме жасап: "Бұл келісімнің ауқымы, ережелері мен мерзімдік шеңбері көпжақты нақты, әрі тең деңгейдегі келіссөздердің нәтижесі саналады. Бұл мәселелер жайлы өзгеріс енгізу немесе қайта келіссөз өткізу мүмкін емес",-деп баса айтты.