Революция жетекшісі уран байытуды 190 000 ЕРР көлеміне жеткізу үшін қажет жұмыстарды жылдамдатуға бұйырды
(last modified Tue, 05 Jun 2018 14:54:41 GMT )
Маусым 05, 2018 20:54 Asia/Almaty

Иран Ислам революциясының жетекшісі Иран Ислам республиксының негізін қалаушы имам Хомейнидің қайтыс болған күнінің 29-шы жылына қатысты рәсімде Иранның Атом қуаты ұйымынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы негізінде уран байытуды 190 000 ЕРР (бөлу жұмысының бірлігі) көлеміне жеткізу үшін қажет жұмыстарды жылдамдатуды бұйырып:

«Кейбір еуропалық үкіметтердің сөздері бойынша Иран халқы санкцияларға шыдап, келешекке қажет өзінің ядролық жұмыстарынан да бас тартып, қазіргі шектеулерді жалғастыруы керек, бірақ олар бұл түстерінің өңдерінде іске аспайтынын білгені жөн»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі зымырандық мәселе туралы айтқан сөзінде зымырандық күш-қуатты елдің қауіпсіздігіне қажет маңызды мәселелердің бірі деп атап: «Таңылған соғыс кезінде біз қорғаныс қару-жарағы мен зымырандық күш-қуатқа ие болмадық. Шекарада орналасқан қалалардан тәулік бойы Теһранға дейін зымырандық шабуылдар жасалды. Алайда қазір жас мамандардың жігерімен біз аймақта бірінші зымырандық алпауыт елне айналдық. Дұшпандар бір зымыран атса, жауабына он зымыранның атылатынын біледі. Дұшпандар бұл маңызды мәселеге қатысты психикалық әрекет жүргізуде. Олар психикалық соғыспен бізді ұлттық құдыреттің факторынан бас тартқызғысы келеді. Сонда бөгделер оңай түрде елімізді, халқымыз бен келешегімізді басқаратын болады. Бірақ Иран халқы бұл әрекетке қарсы табандылық танытуда»,- деп баса айтты.

Аятолла Хаменеи халықаралық әділет талап ету мен жәбір көрген халықтарға қолдау көрсетуді Ислам республикасының басты мәселелерінің бірі деп атап: «Сионистік режимге қарсы Палестина халқы мен қарсыласу күштерін, сондай-ақ аймақ елдерінің тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қолдау Ислам республикасы үшін абыройының факторы саналған жағдайда дұшпан оны «Иранның аймақтағы араласушылығы» деген дағдарысты мәселеге айналдырмақ»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі халықтың саяси істерге қатысуын өте маңызы деп атап, алдағы жұмада Әлемдік Құдс күні рәсімдерінің өтетіндігіне тоқталып: «Алланың көмегі және халықтың бірауыздан қатысуымен биылғы Құдс күні бұрынғы жылдардан мықтырақ, әрі халық санының бұрынғыдан көбірек қатысуына куә болады»,- деп қуаттады.

 

 

 

 

Тегтер