Иранның әуе компаниялары Сауд Арабиясының әуе кеңістігін пайдаланбайды
https://itolqyn.com/news/iran-i3766
Иранның әуе компаниялары Сауд Арабиясының авиация кеңесінің шешіміне реакция көрсетті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 05, 2016 21:53 Asia/Almaty
  • Иранның әуе компаниялары Сауд Арабиясының әуе кеңістігін пайдаланбайды

Иранның әуе компаниялары Сауд Арабиясының авиация кеңесінің шешіміне реакция көрсетті.

Иранның әуежайлары және әуе қатынасы компанияларының ұшуды бақылау ісі бойынша бас директоры Ибраһим Моради Жол және қала құрылысы министрлігінің ақпарат торабына берген сұхбатында Сауд Арабиясы авияциялық кеңесінің «Маһан» әуе компаниясы рейстерінің осы елге ұшуына тыйым салу шешіміне көрсеткен реакциясында: «Иран тарапынан кіші қажылық – Умра рейстері тоқтатылған кезден бері, сондай- ақ екі елдің дипломатиялық байланысы үзілген соң Иран мен Сауд Арабиясы арасында ешқандай рейс жасалған жоқ» деді.

Иранның әуежайлары және әуе қатынасы компанияларының ұшуды бақылау ісі бойынша бас директоры Сауд Арабиясы кеңістігінен өтетін рейстер туралы: «Сауд Арабиясы тек африкалық елдердің жолында орналасқан. Иранның әуе компаниялары африкалық елдерге тікелей рейс жасамайды, әрі бұл бағытта ешқандай бағдарламаға ие емес» деді.

Сауд әулеті режимі біраз уақыттан бері Иранға қарсы қастық саясат ұстанып отыр. Осы негізде өткен жылы Сауд Арабиясы өзінің Теһрандағы елшілігі мен осы елдің Мешхедтегі консулдығына басып кіруді сылтауратып, Иранмен дипломатиялық байланысты тоқтатқан болатын.