Шынайы палестиналықтар арасында референдум өткізу – Иранның Палестина үшін ұсынған қисынды шешім жолы
(last modified Mon, 11 Jun 2018 09:39:20 GMT )
Маусым 11, 2018 15:39 Asia/Almaty
  • Шынайы палестиналықтар арасында референдум өткізу – Иранның Палестина үшін ұсынған қисынды шешім жолы

Ислам революциясының жетекшісі жексенбі күні кешке еуропалықтардың сионистік режимнің Газа секторы мен Құдста жасап жатқан қылмыстарына қатысты үнсіздігін сынап:

"Тарихи Палестина елінде билік түрін анықтау үшін барша әлем қабылдайтын тәсіл негізінде қоғамдық пікірге жүгініп, кемінде 80 жылдан бері басып алынған жерлерде немесе одан тыс болсын, осы жерде өмір сүріп жатқан мұсылман, яхуди және христианды қамтитын барша шынайы палестиналықтардың пікірін біліп, олардың арасында референдум өткізу қажет",- деді.

Революция жетекшісінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, хазірет аятолла Хаменеи Иранның жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарының жүздеген оқытушылары, ғылыми кеңес мүшелері және зерттеушілерімен кездесуінде: "Ислам республикасының БҰҰ-да ресми түрде бекітілген осы жоспары әлем мойындайтын нормаларға сәйкес келмей ме? Онда неліктен еуропалықтар оны түсінбей отыр?",- деді.

Хазірет аятолла Хаменеи қазіргі заманның жауызы, яғни бала өлтіруші әрі басқыншы режим премьер-министрінің өзін мазлұм етіп көрсеткеніне тоқталып, оның Еуропаға сапары кезінде: "Тарихтағы зұлымдардың көшбасшысы саналатын бұл қылмыскер еуропалықтарға исламдық Иранның олар мен бірнеше миллиондық яхудидің көзін жойғысы келетіні туралы өтірік айтты. Бұл Иранның Палестина мәселесі үшін ұсынған шешім жолы толығымен қисынды әрі демократия нормаларына сәйкес келетін жағдайда айтылды",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі ислам республикасының көптеген халықтар арасында алатын жоғары орнына сілтеме жасап: "Исламдық Иран үстемшіл әрі құнсыз үкіметтер арасында ең көп дұшпанға ие мемлекет саналады. Сөйте тұра, аймақ халықтары мен көптеген елдер арасында ең үлкен бедел мен қолдау және ықпалға ие. Дәл осы мәселе жауыз дұшпандардың илаһи рақымшылықтың арқасында Иран халқы мен ислам республикасының алдында сәтсіздікке ұшырайтын қастандықты ойлауына себеп болды",- деді.

Хазірет аятолла Хаменеи уранды 20 пайызға байыту тәжірибесін Иран жастары қабілеттігінің айқын көрінісі деп атап: "20 пайызға байытылған уранды сату үшін шарт қойып, кейбір жауапты тұлғалар осы салаға артықшылық беруге бет бұрған кезеңде жастарымыздың еңбегі және табандылық пен беріктіктің арқасында 20 пайызға байытылған уранға қол жеткіздік. Біздің АҚШ, Ресей және Францияның уранын қажет етпейтіндігімізге әлемнің көзі жетті",- деді.

 

 

Тегтер