Лариджани: Иран АҚШ-тың әрекеттеріне сай шара қолданды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуына тоқталып: "Америкалықтардың бұл әрекеті елдің инвестицияларына бірқатар әсерін тигізгенімен бұл салада шара қолданылып, келіссөз жүргізілуде",- деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні журналистердің алдында сөйлеген сөзінде: "Америкалықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында ахлақ және халықаралық міндеттемелерге қайшы әрекет етуі мен келісімнен ресми түрде шығуына назар аударып, АҚШ-тың әрекеттеріне қарсы тұру үшін нақты зерттеу қажет. АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттері соны мәселе емес. Бұл әрекеттер Ислам революциясы жеңіске жеткен күннен басталған",- деді.