Ғасеми: Лаңкестер Ауғанстанның қауіпсіздігін нысанаға алып отыр
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сенбі күні кешке Ауғанстанның Нангархар уалаятында болған лаңкестік жарылысты айыптап, осы елдің үкіметі мен халқына көңіл айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми лаңкестердің Ауғанстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нысанаға алғанын айтып: "Ауғанстан үкіметі мен Талибан тобы арасындағы атысты тоқтату бітімі сияқты тыныштық орнатуға бағытталған талпыныстарды өз мүдделеріне сай санамайтын адамдар бұл елде бірліктің орнауына төзбей, жаңа қылмыс жасау арқылы өздерінің белсенділігін сақтаудың қылмыс жасап, іріткі салуға байланысты екенін көрсетті.
Ауғанстан үкіметі мен халқы көп ұзамай елдегі бірлік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатер төндіріп отырған осы лаңкестердің көзін құртып, сабырлығы мен табандылығының нәтидесіне лаңкестерді жеңу арқылы жетеді",-деді.
Сенбі күні кешке Ауғанстанның шығысындағы Нангархар уалаятында Талибан тобы өкілдері мен Ауғанстанның қауіпсіздік күштері арасындағы отырыста жарылған бомба салдарынан 22 адам қаза тауып, 34 адам жараланды.
Жарылыстың жауапкершілігін ДАИШ лаңкестік тобы өз мойнына алды.