Ғасеми: Иран Ауғанстандағы атысты тоқтату бітімін жалғастыруды сұрады
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ауғанстан үкіметі мен Талибан тобының Ораза айт күніне қатысты жариялаған атысты тоқтату бітіміне тұрақты болғандарын қолдап, екі жақтан атыс тоқтатуды жалғастыруды сұрады.
Бахрам Ғасеми жексенбі күні: "Атысты тоқтатуды жалғастыру бітімі Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнатылуы үшін қажет сындарлы жаңа кезеңнің басталуы бола алады",- деген үміт білдірді.
Ауғанстан үкіметі Талибан тобымен маусымның 12-інен Ораза айтқа қатысты бір аптаға атысты тоқтату туралы бітім жариялаған болатын.
Ауғанстан үкіметі біржақты түрде бітімді белгісіз уақытқа созды. Бірақ Талибан тобы атысты тоқтату бітіміне үш күннен артық табанды болмайтынын жариялады.
Ауғанстан Президенті Мұхаммад Ашраф Ғани сенбі күні кешкі жолдауында елдің қауіпсіздік және қорғаныс күштеріне қазіргі атыс тоқтату бітімін Ораза айттың төртінші күнінен бастап созуды бұйырды.